Иллюстративное фото.

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Наманган облысы Варзик қалашығында №19 арнайы мектеп директоры Низомжон Жураевты қасиетті Рамазан айында оқушылардың оразасын мәжбүрлеп үзді деп айыптады. Мектеп директоры оны терістеп отыр.

Жергілікті басылымдардың бірінің хабарлауынша, оқушылар таңертең тамақ жемегенін естіген мектеп директоры оларға оразаны үзуді бұйырған.

Дерек көзінің мәліметіне қарағанда, «оқушылар директор талабына бағынбаған соң, сынып жетекшілері шамамен 60 оқушыны асханаға жинап алып, оларға су беру арқылы оразаны мәжбүрлеп үзгізген».

Дегенмен орта мектеп директоры Низомжон Жураев бұл айыптауларды жоққа шығарды. «Мұндай жағдай біздің мектепте болған жоқ. Біздің мектепте түнеп оқитын оқушылар таңертең ас ішуден бас тартқан. Олармен менің орынбасарым кездесіп, тамақ ішу керек екенін түсіндірген», — деді Низомжон Жураев.

Оның айтуынша, ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқытатын арнайы №19 мектептің жатақханасында ораза ұстауға жағдай жоқ. «Біздің оқушылар кешкі сағат 10-да жатып, таңертең 6-да тұрады. Біздегі тәртіп осындай. Жатақханада ораза ұстауға жағдай жоқ. Ораза ұстап жүрген балалардың түрін көрсеңіз. Оларға түнде ешкім ыстық тамақ жасап бермейді ғой», – деді Низомжон Жураев.

Ол интернат жатақханасында тұратын оқушылардың денсаулығына мектеп басшылары жауапты екенін, сол себепті олардың әлсіз күйде сабаққа баруына жол берме алмайтынын айтты. «Біз Рамазан айына қарсы емеспіз. Ата-аналары балаларының денсаулығына өздері жауап беретін болса, біз оқушылардың ораза ұстағанына қарсы болмаймыз», – деді мектеп директоры.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя