Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда оқушылардың маңдайына «екі» қойған мұғалім тергелді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Бекабад қалалық прокуратурасы мен Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы №5 орта мектепте төрт оқушының маңдайына «екі» қойған мұғалімнің ісін тексере бастады.

Бұл туралы Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шукур Бурханов хабарлады. «Осы айда №5 орта мектептегі бастауыш сынып оқытушысы бірінші сыныпта үлгерімі төмен оқушыларға шара қолданған, прокуратура оны «психологиялық азаптау» деп бағалады», — деді басқарма өкілі.

Бекабад қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Мұхиддин Кузибаевтың мәлімдеуінше, оқушыларды жазалаған мұғалім уақытша жұмыстан шеттетілді.

«Қазір бірінші сынып оқушысы прокуратурада түсінік беріп жүр. Бұған қоса, прокуратура тергеушілері маңдайларына мұғалім «екі» қойған балалардың ата-аналарынан түсініктеме алды. Мұғалім ісін кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мекемеаралық комиссия қарайды», — деді Мұхиддин Кузибаев.

Бекабадта маңдайына «екі» деген баға қойылған бірінші сынып оқушыларының суреттері 11 мамырда Instagram мен Facebook желісінде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл тақырыпты қызу талқылады. Instagram’ға бұл суретті салған қолданушы оқиғаның 7 мамырда болғанын жазған.

«Мұғалім маңдайларына екі қойып берген балалар үйлеріне жылап оралған. Ашуланған ата-ана баласын суретке түсіріп, маған жолдады. Мен оны инстаграмға салдым. Сол арқылы БАҚ пен қоғамның назарын аударғым келді. Дегеніме жеттім. Өзбекстанның халыққа білім беру министрінің орынбасары Әлішер Садуллаев жағдайды өз бақылауына алғанын естідім», — деді желі қолданушысы.

Министрлік шенеунігі Намоз Рузикуловтың айтуынша, «мұндай психологиялық және физикалық зорлық қолданып, көпшілік алдында мазақ ету» — елдің білім беру саясатына қайшы келеді». «Біз міндетті түрде шара қолданамыз. Жаза қатаң, бірақ әділ болады», – деді Намоз Рузикулов.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM