Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда шенеуніктерге үлкен кесек көтергізіп қойған

KAZAKBOL.COM

27 қазанда әлеуметтік желілерде Ташкент облысы Аққорған ауданының алты тұрғынының мұздай су аққан арықта тұрған суреті тарады. Сол күні әлеуметтік желілерде тағы алты ер кісі егіс алқабында қолдарына кесек ұстап тұрған суреті жарияланған.

Олардың әрқайсысы бір немесе екі үлкен кесек ұстап тұр. Бекабад ауданы әкімшілігінде жұмыс істейтін шенеуніктің айтуынша, аймаққа сапарлап барған вице-премьер Зойир Мирзаев егіс алқабындағы дәу кесектерді көріп, жергілікті шенеуніктерге айқайлаған.

«Ол шенеуніктерді балағаттады. Сосын оларға бір немесе екі кесектен көтеріп тұруды бұйырды», — деді ол.

Бұған қоса, Мирзаев оларды суретке түсіріп, барлық аудан басшыларына жолдауды тапсырған. «Басқаларға сабақ болсын» деген.

Аудандық әкімшілік шенеунігінің айтуынша, бұл оқиға Бекабад ауданындағы «Батыр Мәлік» шаруашылығында болған. Аудандық су шаруашылығының басшысы Ибрагим Бердіқұлов вице-премьер себепсіз жазалады деп есептейді.

«Мен негізсіз жазалағанына ренжідім. Біз кесектерді министр орынбасары суретке түсірген соң ғана жерге тастадық», — деді Ибрагим Бердіқұлов.

Бекабад аудандыұ жер кадастры бөлімінің басшысы Абдулла Умаров кесек көтерткізгеннен кейін өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде осы суреттер жария болған соң, вице-премьер Зойир Мирзаев қызметтен алынды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM