Шерзод Мадаминов. Фото: centralasian.org
Шерзод Мадаминов бірнеше жылдар бойында Ресейдің әртүрлі мейрамханасында кәсіби біліктілігін арттырған. Тіптен Ресей президенті Владимир Путин қатысқан шараларда арнайы ас әзірлеген екен. Бірақ еліне келгеннен кейін жұмыссыз қалған. Ол енді үкімет асханасында жұмыс істеуді армандайды.
Оған «халықтық қабылдаудың» өкілдерінің бірі несие алып, өзінің жеке кәсібін ашуға кеңес берген екен.
«Мен қатты қуанып, келістім. Бірақ Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиев орнынан тұрып, маған жақындап, сақалымды көрсетіп, «Мынау не нәрсе?» деп сұрады. Сосын ол «Сақалыңды алып, адам секілді кел, сол кезде ғана несие ала аласың» деді. Мен қатты ашуланып, кетіп қалдым», – дейді Шерзод Мадаминов.
Ол осыдан кейін облыс әкімін сотқа бергісі келгенін, бірақ өзін қорғайтын адвокат таба алмағанын айтады. «Өзге елде жүріп, мені бұлай ешкім балағаттамаған еді» дейді аспаз.
KAZAKBOL.COM