Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандық шенді Путин үшін арнайы ас әзірлеген сақалды аспазды ел алдында масқаралады

KAZAKBOL.COM

Шерзод Мадаминов. Фото: centralasian.org

Өзбекстанның Ферғана облысында туып-өскен 37 жастағы халықаралық дәрежедегі аспаз Шерзод Мадаминов «халықтық қабылдауға» өтініш жазып, үкімет асханасына жұмысқа алуын сұраған. Оның жазуынша, облыс әкімі Шухрат Ганиев өзін сақал өсіргені үшін жұрттың алдында балағаттаған деп хабарлайды centralasian.org.

Шерзод Мадаминов бірнеше жылдар бойында Ресейдің әртүрлі мейрамханасында кәсіби біліктілігін арттырған. Тіптен Ресей президенті Владимир Путин қатысқан шараларда арнайы ас әзірлеген екен. Бірақ еліне келгеннен кейін жұмыссыз қалған. Ол енді үкімет асханасында жұмыс істеуді армандайды.

Оған «халықтық қабылдаудың» өкілдерінің бірі несие алып, өзінің жеке кәсібін ашуға кеңес берген екен.

«Мен қатты қуанып, келістім. Бірақ Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиев орнынан тұрып, маған жақындап, сақалымды көрсетіп, «Мынау не нәрсе?» деп сұрады. Сосын ол «Сақалыңды алып, адам секілді кел, сол кезде ғана несие ала аласың» деді. Мен қатты ашуланып, кетіп қалдым», – дейді Шерзод Мадаминов.

Ол осыдан кейін облыс әкімін сотқа бергісі келгенін, бірақ өзін қорғайтын адвокат таба алмағанын айтады. «Өзге елде жүріп, мені бұлай ешкім балағаттамаған еді» дейді аспаз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM