Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зеленский: Қырым мен Донбасс қауіпсіздігі мәселесін референдум шешеді

KAZAKBOL.COM

Украина қауіпсіздігі мәселесі, сонымен бірге Донбасс пен Қырым мәртебесі жалпыұлттық референдумға шығарылады, деп мәлімдеді Владимир Зеленский.

«Суспiльне» басылымына сұхбат берген Украина президенті Ресеймен келіссөз барысында «қабылдануы мүмкін ымыраның қандай болатынын халық шешеді» деді.

Биыл 24 ақпанда Украина аумағына әскермен басып кірген Владимир Путин украин билігінен НАТО-ға кіруден бас тартуды, Қырымды Ресейдікі деп тануды, ал «ДХР» мен «ЛХР»-дің тәуелсіздігін мойындауды, сонымен бірге елді ұлтшылдардан тазартуды, әскерді таратуды талап етіп отыр.

Украина билігі болса НАТО-ға кірмейтінін мәлімдеп, алайда елдің аумақтық тұтастығына кепілдік беруін талап еткен.

Екі ел арасындағы келіссөздер күнде жүріп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Дегенмен әскери қимылдар толастамай тұр.

Соғыста нақты қанша адам зардап шеккенін дәл қазір анықтау мүмкін емес, бірақ ондаған мың жауынгер мен бейбіт тұрғын қаза болды немесе жараланды деуге негіз бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM