Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зеленский: «Аумақ тұтастығына қатысты ымыра болмайды»

KAZAKBOL.COM

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей-Украина келіссөздерінің Стамбулда өткен кезекті раунды туралы пікір білдіріп, Киев келіссөздерді жалғастырады және содан нәтиже шығаруға ұмтылады деп мәлімдеді.

Алайда Украинаның дербестігі мен аумақ тұтастығына қатысты ешқандай ымыра «болуы мүмкін емес және болмайды да», — деді Зеленский халыққа арналған бейнеүндеуінде.

Оның пікірінше, келіссөздерде Ресей тарапынан оң көзқарас нышандары байқала бастады. Алайда Ресей әскерінің Киев пен Чернигов бағыттарындағы әрекеттері қысқарады делінетін мәлімдемелерге әзірге сенуге болмайды. «Мұндай мәлімдемелер ресейлік снарядтардың жарылу қуатын бәсеңдете алмайды. Украиндықтар басқыншылықтың 34 күнінде, Донбастағы соғыстың сегіз жылында нақты нәтижеге ғана сенуге болатынын жақсы түсінді», — деді Зеленский.​

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия жетекшілері де Батыс елдеріне Мәскеудің бұл мәлімдемесіне сенуге болмайтынын ескерткен. АҚШ президенті Джо Байден Ресей әрекетінің нәтижесін көрмейінше оның мәлімдемесіне сенбейтінін айтты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM