Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зеленский: Киев Ресеймен құпия емес, ашық диалог жүргізуге дайын»

KAZAKBOL.COM

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей мен Украина арасындағы соғыс келіссөздермен аяқталатынына сенімді, бірақ атысты доғару үшін қос тараптың да қалауы қажет, ал келіссөздер нәтижесі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты болады.

«Бәріміз бейбітшілік орнағанын, жанжал келіссөзбен шешілгенін қалаймыз. Бірақ Ресей мен оның президенті Путин әскери қимылдарды тоқтатса, Украина да ұрысты доғаратынын, сол кезде бейбітшілік орнайтынын бәріміз түсінеміз», — деді Столтенберг сәрсенбіде BBC телеарнасына сұхбатта.

Алайда украин билігі мұндай ұстаныммен келіспейді. Киев әскери қимылды доғарып, бейбіт келіссөздер бастауды жанжалды қатырып қою деп есептейді. Ресей бұл уақытта өзінің ұрысқа дайындығын күшейтіп, жаңа белестерде басқыншылық әрекетке көшуі мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің пікірінше, Ресей әскері басып алған жерлерді тастап кетіп, «басқыншылық қайталанбайтынына» кепілдік берген жағдайда ғана Мәскеумен келіссөз жүргізуге болады.

Бұның алдында Зеленский басқа да елдердің басшыларынан Ресейдің келіссөз бастағысы келетін ниеті туралы естігенін айтқан. Украин президентінің мәлімдеуінше, Киев Ресеймен құпия емес, ашық келіссөздер ғана өткізгісі келеді.

«Мен келісөздердің ашық формасын ұсындым, өйткені Ресей Украинамен ашық соғыс жүргізіп отыр»,— дейді Зеленский. Бұл туралы «Украинская правда» газеті хабарлады.

Ресей мен Украина келіссөздері мамырда тоқтап қалған. Қазанның басында Зеленский Владимир Путин басқарып тұрғанда Ресеймен келіссөз жүргізуге рұқсат бермейтін жарлыққа қол қойды.

Кейінгі күндері Украина Қарулы күштерінің майдандағы бірқатар жеңісінен соң түрлі елдердегі саясаткерлер мен жетекшілер келіссөздерді жалғастыру жөнінде жиі айта бастады. Алайда оның қандай шартпен өтетінін тек қана Украина шешуі тиіс.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM