Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зеленский: Украина жаумен жалғыз соғысуға мәжбүр

KAZAKBOL.COM

Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпанға қараған түні халыққа кезекті видеомәлімдемесін жасап, Ресей шабуылының алғашқы күні болған оқиғаларды қорытындылады.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Қарулы күштері қарсылас тарапқа тойтарыс берген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 137 украин азаматы қаза болған. 300 адам жараланған. Әскери қызметкерлерден бөлек, бейбіт азаматтар да опат болған. Зеленскийдің айтуынша, Қара теңізде Змеиный аралын қорғаған шекарашылардың барлығы мерт болған.

Президент сонымен бірге Украина Ресеймен «жалғыз өзі» соғысуға мәжбүр болғанын айтып, ешкімнен көмек болмағанын меңзеді.

Зеленский сонымен бірге «қарсылас тарап өзін бірінші нысана ретінде көздесе де» Киевте қала беретінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Киевте ресейшіл диверсиялық топтар бар, сол себепті коменданттық сағат ережелерін сақтау керек.

Зеленскийдің айтуынша, ол НАТО басшыларымен Украинаны одақ құрамына алу туралы келіссөз жүргізген, бірақ «олардың бәрі қорқады».

Украина президенті Ресеймен келіссөз жүргізуге қорықпайтынын, бірақ елге қауіпсіздікке кепілдік беруін талап ететінін жеткізді.

Зеленскийдің айтуынша, ол келіссөзге дайын, бірақ қазір ел тағдыры армия қолында.

Ресей 24 ақпанда таң атпай жатып украин қалалары мен әскери қоймаларына әуеден соққы беріп, түрлі бағыт бойынша танкілері мен әскерін жіберген. Украина билігінің айтуынша, олардың армиясы солтүстікте Сумы мен Харьковтан бастап , оңтүстігінде Херсон мен Одессада соғысқан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CBS арнасына берген сұхбатында Украина астанасы Киев қаласына қауіп төніп тұрғанын айтқан.

Бірнеше сағат бұрын Зеленский жаппай мобилизация жасау туралы жарлыққа қол қойған. Ол 18 бен 60 жастағы ерлерге елден кетуге тыйым салды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM