Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зейнеп Ахметова: Қазіргі көп қыздарда еркек қызығатын ештеңе қалмады

KAZAKBOL.COM

Зейнеп Ахметова. Фото: Интернет желісінен

«Асыл арна» телеарнасына сұхбат берген Зейнеп Ахметова бүгінгі көп қыздардың жігіт қызығатындай ештеңесі қалмады дейді. Қазақтың талай қызына үлгі болып жүрген Момышұлының келіні қазіргі қыз -келіншектердің жігіттермен бірдей шалбар киіп алатынына қынжылды деп хабарлайды NUR.KZ. 

«Еркекше сөйлейтін, еркекше жүретін, еркекше іс-әрекет жасайтын әйелдер көбейді. Бұттағы шалбардың өзі әйелді әйелдік қасиетінен ажыратты. Неге десеңіз көйлек деген адамды әдемі бір қалыпқа салады, сенің артық-кем жеріңді жасырып тұрады,  көйлек киген адам өзінің жүрісін де түзеп жүреді. Орамал мен көйлек — әйелдің сәні», -дейді ол.

Зейнеп апамыз көйлек пен орамал қашанда қыздардың сән дейді.

«көйлегінің астында не бар екен деп жүрсе, қазір соның бәрі ашық. Жастардың сөзімен айтқанда ешқандай «романтика» қалған жоқ, жігіт қызығатын ештеме қалмады.  Жігіттердің де әсері болуы керек. Қасында шалбар киіп, тура өзінен аумайтын қызбен кетіп бара жатқан жігіттердің не ойлайтынын білмеймін»,- дейді ол.

Еске салсақ, Зейнеп Ахметова қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM