Зейнетақы. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Бұл үрдіс бойынша әлеуметтік төлемдер бірден 20 пайызға көтерілмейді екен. Бекітілген бюджетке сәйкес алдыңғы жылғы ынтымақты зейнетақы мөлшерін 9 пайызға көтеру жоспарланған. Ал мемлекет басшысының тапсырмасымен шілдеден бастап тағы да 11 пайыз қосылмақ.
Мысалмен айтсақ, биыл 40 мың алып жүрген азаматтар келер жылы бас-аяғы 48 396 теңге алатын болады. Ал, базалық зейнетақы да солай. Бала тууына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі келер жылы 27 пайызға ұлғаймақ.
Алдымен 7 содан соң 20 пайызға өседі екен. Бірінші, екінші немесе үшінші сәбиін босанғандар бұған дейін 66 мың теңге алып келсе, 2017 жылдың басында 71 мың болып, шілдеден кейін тіпті 86 мыңға жетеді. Ал төртінші баласын дүниеге әкелген аналардың бір реттік жәрдемақысы 30 мың теңгеге артпақ.
KAZAKBOL.COM