Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зейнетақы мен жәрдемақының нақты қаншаға өсетінін министрлік өкілдері түсіндіріп берді

KAZAKBOL.COM

Зейнетақы. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Президенттің тапсырмасы бойынша зейнетақы мен жәрдемақының нақты қаншаға өсетінін министрлік өкілдері түсіндіріп берді деп хабарлайды 31 арна.

Бұл үрдіс бойынша әлеуметтік төлемдер бірден 20 пайызға көтерілмейді екен. Бекітілген бюджетке сәйкес алдыңғы жылғы ынтымақты зейнетақы мөлшерін 9 пайызға көтеру жоспарланған. Ал мемлекет басшысының тапсырмасымен шілдеден бастап тағы да 11 пайыз қосылмақ.

Мысалмен айтсақ, биыл 40 мың алып жүрген азаматтар келер жылы бас-аяғы 48 396 теңге алатын болады. Ал, базалық зейнетақы да солай. Бала тууына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы көлемі келер жылы 27 пайызға ұлғаймақ.

Алдымен 7 содан соң 20 пайызға өседі екен. Бірінші, екінші немесе үшінші сәбиін босанғандар бұған дейін 66 мың теңге алып келсе, 2017 жылдың басында 71 мың болып, шілдеден кейін тіпті 86 мыңға жетеді. Ал төртінші баласын дүниеге әкелген аналардың бір реттік жәрдемақысы 30 мың теңгеге артпақ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM