Скриншот Facebook желісінен алынды
Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
«Армысыздар! Мына бауырым алаяқ па, қалай? Қаламақымды бермей түлкі бұлаңға салып, алдап жүр, бір жылдан асты. Алмас ұят қайда? Жазбасыма болмадың, менікі де ыңғайсыз, әрине. Бірақ амал не?», — деп наразы болды ол.
Ал Кішкенбаевтың директоры Заңғар болса бұл жайт туралы ешнәрсе білмейтінін айтты. Алайда әншіден анық-қанығын біліп беруге уәде берген ол телефон тұтқасын көтермей қойды.
KAZAKBOL.COM