Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жүргізушілер наразылығынан кейін «ҚазАвтожол» биыл 18 емес – 5 жолдың ақылы болатынын айтты

KAZAKBOL.COM

9 маусымда «ҚазАвтожол» бірінші санаттағы жол төселген 5 аумақта биыл жолдың ақылы болатынын хабарлады. Бұлар: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар және Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен.

Компанияның хабарлауынша, аталған аумақтарда жүретін көліктер 2013 жылы енгізілген тариф бойынша ақы төлейді. Жол ақысы сол күйінше қалады делінген компания хабарламасында.

Аталған аумақтарда жүретін жеңіл көліктер 1 шақырым үшін – 1 теңге төлейді;
Автобустар орын санына қарай 1 шақырым үшін 5-15 теңге аралығында төлейді;
Жүк көліктері жүк салмағына байланысты 1 шақырым үшін 5-25 теңге аралығында төлейді.
«Қазавтожолдың» айтуынша, ақылы жолдарда демалыс орны, қонақүйлер, супермаркеттер, дәретхана, дәріхана сияқты жолаушыларға қажет нысандар орналаспақ. Қазіргі кезде GasEnergy, ҚазТрансГаз, Compass, Sinooil, PetroRetail, М-36 сияқты ірі жанар-жағармай станциясы желілерімен 2024 жылға дейін 134 жол кешенін салу бойынша келісім жасалған.

Осыған дейін Қазақстанда 2021 жылы 18 аумақтың ақылы болатыны хабарланған еді.

Мамырдың соңында Қазақстанның бірнеше аймағында жолдардың ақылы болуына байланысты жүргізушілер наразылыққа шыққан. Алыс жолға жүретін көлік айдаушылар жол сапасының нашарлығын, жанармайдың қымбаттағанын, тасымал бағасының төмендігін алға тартқан.

2 маусымда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «ақылы жол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе, кім жолды пайдаланса, сол жағдайына да жауапты» деп мәлімдеген. Оның айтуынша, ақылы жүйе ой-шұңқыры жоқ, тегіс бірінші категориялы жолдарға ғана енгізіледі.

Министр Қазақстанда 2025 жылға дейін — 11 мың шақырым автомобиль жолы, оның ішінде биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болатынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM