Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЖҰРТТЫ ЖАЛЫҚТЫРҒАН ЖИЫН

KAZAKBOL.COM

«Қазіргі әкімдер мен министрлердің халыққа есеп беру жиындарына қасаң цифр, көзбояушылық пен формализм көп». Жиналыстардан шаршаған Парламент депутаты Мұрат Бақтиярұлы осындай мәселе көтерді. Күнделікті жұмыстарын тізбелеп беретін шенеуніктердің баяндамасын тыңдау үшін өңірлерден келетіндер қыруар қаржы шығындайды екен. Сонымен, халық алдындағы есептік кездесулердің форматын қалай өзгерту керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Кейбір басшылар, әкімдер бар. Халықпен кездесу өткізеді. Сонда оқығандарыңыз көрсеңіз таңқалам. Былтырға қарағанда жол салу 4 пайызға артты. Мен әдейі қарадым. 2018 қарасаң былтырғыға қарағанда 4 пайыз, 2017 жылды қарасаң былтырғыға қарағанда 3 пайыз, әйтеуір 91-ге дейін кете береді екен».

Егер бұз әзіл өтірік десеңіздер, Білім министрінің сиясы кеппеген соңғы баяндамасын тыңдаңыз. Мынау, 2020 жылғы қаңтардың 31 күні астанада өткен алқалы жиын.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға келетін болсақ , жекеменшік балабақшалардың үлесі 41 пайызға дейін ұлғайды. 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 98 пайыға жетті».

Осы проценттерді тыңдау үшін, мүлгіген жиналысқа қатысу үшін делегациялар өңірлерден ат сабылтып келеді. Оған шақырылатын депутаттарда құрғақ есептен әбден жалығыпты.

МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Форматты мүлде өзгерту керек. Ұзын сонар баяндаманың бізге түккеде керегі жоқ. Министрдің де, әкімнің де. Ол алдын ала ақпарат құралдарына жарияланады. Тікелей сұрақ жауап, сұрақ жауапқа шығу керек».

Кезінде біраз қызметтің басын қайырып, басқарманы басқарып, әкімнің орынбасары да болған Оразгүл Асанғазы да өз заманындағы жүйенің қазір таптауырын болғанын жоққа шығармайды. Өзгеріс керек дейді.

ОРАЗГҮЛ АСАНҒАЗЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
«Өткізіп отқан әкімнің, өткізіп отырған министрдің жүрегінен шығу керек. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді, жүректерді оятады. Ал жұрттың жүрегін сөзбен оята алмағаннан кейін өте қиын іс күту өте қиын. 04:41 Өзгертетін нәрселер көп. Әркім өзінің ойын өзгерту керек ойы өзгерсе сөзі өзгеру керек сөз өзгерсе іс қимыл өзгеру керек».

«-Сіз тұрыңызшы? Түнгі сменадан келдіңіз бе?
-Жоқ тыңдап отырмын.
-Қалай тыңдап отырсың, ұйықтап отырсың ғой».

Бұл әкімнің есебі емес, оқушыларды жалықтырып алатын қатал мұғалімнің сабағы сияқты. Өңірдегі мәселені талқылаудың орнына, жиналыстағы мүгігендерді оятып, оларға әңгіме айтумен қанша уақыт жоғалды. Жалпы, мұндай жиынға кез-келген тұрғынның қатысуы екі талай. Оған мына көрініс дәлел. Залда отырғандардың дені костюм киіп, галстук таққандар. Одан қалды әкімді мақтап жыр оқып жатыр.

«Істеріңіз ғажап-ақ,
Сіздей-ақ болсын азамат.
Қуанышты күн жақын,
Тапсырдық сізге аманат…… »

МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Өткір сұрақ қоятын азаматтар ішкі саясаты бар, басқа құрылымдары бар, ішкі кіргізілмейді де, көптеген мәселе құр цифр түрінде , әкімнің бір жылдық жұмысы пайыздық есеппен құрылады. Оны келген азаматтар түсінбейді. Халықтың сұрағына жауаптар созылып кетеді. Бір біріне жібереді. Бірі екіншісіне жібереді. Тікелей жауап беруі керек».

«Әп-әдемі ән еді, пұшық айтып қор қылды» деген осы шығар. Әу баста әкімдердің халыққа есеп беруінің мақсаты дұрыс еді. Бірақ қасаң форматқа көшіп алған атқарушы билік есептің жиынның мәнін кетірді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM