Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жүргізушілер ереуілі салдарынан Ақтөбеде қоғамдық көліктің көбі жүрмей қалды

KAZAKBOL.COM

19 тамызда Ақтөбедегі «Автопарк» компаниясының жүргізушілері өткен айдың еңбекақысын беруді талап етіп, жұмысқа шықпады. Соның кесірінен Қазақстанның батысындағы ірі қаланың мыңдаған тұрғыны аялдамаларда сағаттап тұрып қалды.

Әкімдік тасымалға жауапты екінші мекеме «Жолаушылар автокөлік кәсіпорнының» резервтегі автобустары мен жүргізушілерін желіге шығармаққа әрекет етті. Бірақ жұмыс күні аяқталғанша қаладағы автобус қозғалысы қалпына келген жоқ.

Қала ішінде жолаушы таситын екі компанияның бірі — «Автопарктен» бүгін желіге 140 автобус шығуы керек болған. Соның 80-і жұмысқа шықпаған.

– Еңбекақымызды әр айдың онына дейін төлеп тұрса болды. Басқа талабымыз жоқ. Мысалы, мен 15 күн жұмыс істедім бе, 150 мың теңгемді (352 доллар – ред.) төлесін. Басшылар күніне он мың теңгеден жазылады деді ғой. Маған артық ақшаның керегі жоқ. Тек уақтылы төлесін, – дейді Мейрамғали Байымбетов.

Бейсенбі күні желіде болуы тиіс 140 автобустың 54-і ғана жолаушы тасуға шыққанын «Автопарк» компаниясының директоры Ағарыс Тілеулесов те растады. Оның сөзінше, шілде айының жалақысын алмаған 40 жүргізуші әріптестерін арандатып, жұмысқа шықпауға үгіттеген.

– Жүргізушілердің жалақысын 200 мың теңге етіп, оларға карточка ашыңдар, жалақыларыңды сонда аударамыз деп алдын ала ескерттік. Алимент төлеуден қашып жүрген, банк алдында несие қарызы бар 40 адам карта ашпай жүр. Шілде айының жалақысын алмаған да солар, – дейді Ағарыс Тілеулесов.

– Менің картам бар. Ешқандай несие қарызым да, алиментім де жоқ. Шілде айында жұмысқа 17 рет шықтым. 170 мың теңге жалақы алуым керек. Балалардың да мектепке баратын уақыты болып қалды. «Ертең берем, ертең берем» деумен келе жатыр, – дейді автобус жүргізушісі Ертай Есқазин.

Қала әкімдігіндегі жолаушылар көлігі секторының бас маманы Жайық Қодаш жұмаға дейін қозғалысты толық қалпына келтіруге тырысатынын айтты.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Есқариннің сөзінше, ұжымдағы шиеленістің жай-жапсарын арнайы комиссия анықтауы тиіс.

Ақтөбе – 500 мыңдай тұрғыны бар ірі шаһар әрі Ақтөбе облысының орталығы. Халық саны жөнінен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкенттен кейінгі төртінші орынды алады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM