Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЖҮЗДЕГЕН ЖАН БОРАНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ

KAZAKBOL.COM

Боранға байланысты 100-ден астам жолаушы тас жолдарда қалып қойған. Оларды құтқарушылар әлі де қауіпсіз жерге жеткізуде. Ірі трассаларды жапқанымен, тыңдамай шығып кететіндер баршылық. Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғат әлі екі күн «мінезін» көрсетпек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл Ақтөбедегі Мұғалжар ауданы. Елдімекеннің үстінен өтетін «Ақтөбе-Астрахань» автожолында 58 автокөлік пен 172 адам қар құрсауынан босатылған, оның 28-і бала. СЛАЙД! Боранды күні «Ақтөбе-Орск», «Самара-Шымкент» автожолдарында да 20-дан астам жан мен осыншама көлік қауіпсіз жерге жеткізілген.

АСҚАР ТӨЛЕШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:
«Қазіргі кезде тек екі жол республикалық жол жабылып тұр. Ол «Ақтөбе-Орск», «Қандыағаш-Атырау». Қазір бес минуттан кейін «Қандыағаш-Атырау» ашылуы тиіс. «Ақтөбе-Орск» қар тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар біткесін, ол да ашылады».

Ал, бұл, алғысын жаудырып жатқан Тәжікістан азаматы. Ол өзінен басқа 30 қандасымен «Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытындағы тасжолда қалып қойған. Құтқарушылар шетелдіктерді Щучинск қаласына жеткізген. Жалпы соңғы тәулікте Ақмола облысында 91 жан қауіпсіз жерге эвакуацияланды. СЛАЙД!

«Спасибо. Слава Богу, они нас забрали. Здесь бесплатно кушать дают. Нам очень хорошо помогли».

Қарағанды облысында да осы жағдай. Ірі трассаларда кептеліс. Аймақта боран басталғалы 47 адам құтқарылған. Араларында аяғы ауыр келіншек те бар. Полицейлер тәуекелге бармай, жолға шықпауды сұрауда. Мысалы, мына Теміртаулық капитан жолдар жабық екенін шырылдап тұрып жеткізуде.
«Прошу вас воздержаться от выезда за черту города, от поездок. Связи с погодными условиями. Видимость нулевая».

Ал, мынау Өскемен-Алтай торабының 64-ші шақырымы. Қар көшкіні болыпты. Мамандар 350 шаршы метр ақ ұлпаның жолды жауып тастағанын хабарлады. Қазіргі кезде арнайы техниканың көмегімен көлік жүретін жол тазартылуда. Қар көшкіні қауіпі 26-шы қаңтарға дейін сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында ақ түтек боранмен қоса, жол да тайғақ. Құтқарушылар тас жолдан шығып кеткен көліктер көп, дейді. Әсіресе, табиғаттың тосын мінезінен жүк тасушы, ірі көліктер зардап шегуде. Қазіргі кезде өңірде Айыртау, Тимирязев, Жамбыл, Шал ақын сынды аудандарында республикалық маңызы бар тасжолдар жабық.

Төтенше жағдайлар комитеті 9 облыстың 49 учаскесінде жол жабық екенін хабарлайды. Олардың арасында ішкі қатыныс жолдары мен көршілес Ресейге апаратын тораптар да бар. «Қазгидромет» өкілдері алдағы үш күнде атлантикалық циклон Скандинавияның солтүстік аймағы мен Ресей арқылы бізге жетеді, дейді. Салдарынан көптеген ел аймақтарында қар жауып, бұрқасын, жел тұрмақ. Секундына 30 метрге жететін суық желмен қоса, тұман мен көктайғақта болмақ. Сондықтан алыс жолға шықпаған жөн.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM