Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жұрт танымастай құлпырған қызылордалық сылақшы қыз сахнаға шығып, өнер көрсетті

KAZAKBOL.COM

Қызылордалық Гүлмайдан Серікбай алғаш рет үлкен сахнаға шықты. Ол танымал жұлдыздармен бірге отандық телеарнаның Жаңа жылдық түсіріліміне қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлмайдан өзін танытқан «Әдемі қыз» әнін шырқады. Қуанышты хабарды әншіге қолдау көрсеткен продюсер Жан Мұқанов жеткізді.

«Ғаламтор мен онда отырған адамдардың күші қандай керемет десеңізші?! Осыдан үш күндей бұрын ғана желіде бөлмені сылап, ән айтып жатқан қыздың видеосы тарады. Менің құрметті оқырмандарым дайректке видеоны жібере бастады.

Мен де көп ойланбай, қызды іздеп, Дәулетке (@dauletten) жаздым. Ол да бірден жауап беріп, нөмірін берді», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Ол нағыз кәсіби мамандар іске кіріскен кезде не нәрсенің болса да оңай шешілетінін атап өтті. Тректі жазуға продюсер Бағым Мақсатқызы атсалысқан.

Өз кезегінде Гүлмайдан осы уақытқа дейін әншілерді тек сырт келбетіне қарап бағалап келгенін, ол ісіне өкінетінін айтты. Ол әнші болудың қандай үлкен еңбек екенін түсінген.

«Дәл бүгіннен бастап әншінің, әртістің, актердің,түріне емес, талантына мән беретін болдым. Сахна әдемілікті, үлкен еңбекті талап ететінін түсіндім! Үстімдегі көйлекті арнайы маған таңдап, қанша күн образ іздегенін көрсеңіз ғой?!

Және де кешеден бері айтып жатқаным ол – прозрачный емес! Түсі дененің түсіндей көйлек.

Мендегі образ қандай әдемі болғанын көрсеңіз ғой, шіркін… «Халықтың сүйіктісіне» айналдың ғой деп, мен үшін қалай жүгіріп, дайындалғанын көрсеңіз ғой.

Сондағысы: “Дана, сен әдемі болу керексің, себебі сені жақсы көріп, қолдайтын тыңдарманың” үшін деді! Менің әдемі болуыма атсалысқан барша ұжымға алғысым шексіз», — деп жазды ол.

Айта кетейік, құрылыста жүріп ән салған Дананың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқановтың Данаға ән жазып бергені белгілі болды. Сондай-ақ әнші Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында өмірі мен өнері, 2 күнде қалай жұлдызға айналғаны жөнінде айтып берді. Көп уақыт өтпей, Гүлмайданның Аsia’s Got Talent халықаралық байқауына қатысатыны белгілі болды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM