Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ж. Қалыбай: «Билік тіл мәселесін көтергендерді қылмыскер етіп шығарады»

KAZAKBOL.COM
Фото tengrinews.kz

Танымал журналист Жарылқап Қалыбай мемлекеттік тілді қорғағандар «фашист», «ұлтшыл», тіпті «террорист» атанып, қылмыскер боп шығатынын ашынып айтты, деп хабарлайды«NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Журналист бұл туралы ойын Facebook парақшасында жазды. Жазбасын басынан өткерген оқиғамен бастаған ол жазықсыз жазалы болғанын да мәлімдеді.

«Эйр Астанамен» сәуір айында Алматыдан — Астана — Франкфурт на Майнеге дейін ұштым. Орыс және ағылшын тілінде аудио xабарлама жасалды, қазақша жасалған жоқ. Стюардесса қыздардың біреуінен «неге қазақ тілінде xабарлама жасалған жоқ?» деп едім, жауап бермеді. Кейін білдім, борттағы 5-6 стюардессаның бірде-бірі қазақша сөйлемейді екен. Ал, мен бұл мәселеде бір рет мәселе көтеріп, бірақ жазықсыз жазалы болғандықтан, еш жерге арызданбадым. Себебі, басқасын қойғанда, әділет іздеп жүрген оппозициядағы қазақтың өзі қазақ тілін қорғамақ түгілі өздері сөйлемейді және қазақ xалқының тілдік қысым көріп отырғанына көз жұма қарайды, ал Қазақстандағы xалық бұл мәселеде басым көпшілігі орысша сөйлеп, қазақша сөйлеген адамның аузын жабуға айналды», -деді ол. Сонымен қатар журналист мемлекеттік тіл мәселесін көтергендерді билік қылмыскер етіп шығаратынын да атап өтті.

«Тілдік әділетсіздік мәселесін көтерген кез-келген қазақтілді адамды орыстілді баспасөз бен орыстілді адамдар «националист», «фашист», «террорист» деп айдар тағып, барлығы жабылып қуғындайды, биліктің полицей, прокурор, соты сол мәскеушіл-шовинист топтың айтқанын істеп, сені жазықсыз жазықты етіп соттайды, қылмыскер етіп шығарады» деп сөзін түйді Жарылқап Қалыбай. Автордың пікірін желі қолданушылары қолдай кетті. Мақсат Есенбаев есімді қолданушы «Бар пәле «Эйр Астанадан» емес. Біздің проблемамыз ол Үкімет пен Парламентте, егер де олар қазақша сөйлессе, барлығы сөйлейді» деп билікті кінәлады. Ал Сұлтанғали Тұрманов есімді желі қолданушысы қазақша білетін Қазақстан азаматы қазақша сөйлеуді заң аясында талап ететін болса, нәтиже шығатынын алға тартты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM