Халық қалаулылары қазір құжаттағы жүргізушілердің куәліктерін ауыстырар кезде емтихан тапсыруы қажеттігі жөніндегі бапты алып тастамақ.
Жүргізушілер енді куәліктерінің мерзімі аяқталған соң оны емін-еркін ауыстыра алады. Яғни, оларға енді куәлік ауыстыру үшін емтихан тапсырудың қажеті жоқ. Бүгін журналистермен болған баспаөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА ақпарат таратты.
Оның сөзінше, қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде осы мәселеге қатысты заң жобасы қаралуда. Халық қалаулылары қазір құжаттағы жүргізушілердің куәліктерін ауыстырар кезде емтихан тапсыруы қажеттігі жөніндегі бапты алып тастамақ. Ал, мерзімі өткен куәліктерді өткізуге 1 жыл уақыт беріледі.
Сондай-ақ, алдағы уақытта еліміздің Ішкі істер министрлігі Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар қалаларының арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың тіркелген жеріне қарамастан жүргізуші куәліктерін беру мәселесін де қарастыру үстінде.
Фото:oskemen.info
KAZAKBOL.COM