Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан астанасында және облыс орталықтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салды. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, түркімен билігі сауда нүктелерінен алкоголдік ішімдіктерді тәркілеумен айналысып жатыр.

Спиртті сусындармен күрес 5 шілдеде «Түркіменстанда 2018-2024 жылдарға арналған алкогольдің зиянды әсерімен күрес» ұлттық бағдарламасы қабылданғаннан кейін жүзеге аса бастаған.

Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаевтың хабарлауынша, бірнеше дүкеннің иелері спиртті сусындарды тәркілейтінін айтқан.

«Мен 10 шілдеде астанадағы «Мир» базары жанындағы дүкенде алкоголь өнімдерін қалай тәркілеп жатқанының куәсі болдым. Арнайы жұмысшылар келіп, жүктің бәрі көлікке тиеп жатты. Дүкен иелеріне полиция департаментіне баруды нұсқап жаттыр», — дейді Аманмырат Бугаев.

«Түркіменстан хроникасы» басылымы да дереккөзіне сілтеме жасап, күш құрылымдарының барлық сауда дүкендерін тексеріп жатқанын жазған.

Ал Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанда соңғы уақытта спиртті сусындардан улану оқиғасы көбейген. Әсіресе Дашогуз, Лебап және Мары аймақтарында жиі тіркелген. «Елге метил спиртін әкелген секілді. Оны этил спиртімен араластыруы мүмкін. Нәтижесінде көп адам уланған, тіпті кісі өлімі болғаны да айтылады. Сол себептен билік спиртті сусындарды жаппай тәркілеп жатуы мүмкін», — дейді Азатлык тілшісі дереккөзіне сілтеме жасап.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM