Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жүзден астам отбасылы еркекпен төсектес болған ару «ерлік жасадым» деп мақтанды

KAZAKBOL.COM

Лондонда тұратын қаржы консультанты Гвинет Ли жүзден астам отбасылы еркекпен төсектес болғанын айтып мақтанды. Ол отбасылы азаматтардың некесін құтқардым деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Он жыл бұрын күйеуі Роберттен айырылған Гвинет отбасылы азаматтардың көңілдес іздейтін сайтына тіркеледі.

47 жастағы Гвинет бүгінгі күнге дейін жүзден астам отбасылы жігітпен жақын қарым-қатынаста болғанын жасырмады. Дегенмен біреуге көңілдес болғанынан еш әбестік көрмейтін әйел, керісінше ерлік жасадым деген пікірде. Ол осылайша отбасылы жігіттердің некесін сақтап қалуға көмектескенін алға тартты.

«Егер отбасылы азаматтар өзге әйелмен көңіл көтере алмағанда, талай неке бұзылар еді. Мансап қуалап, баласының тәрбиесіне көп ден қоятын әйелдер күйеуілеріне төсек қатынасында қуаныш сыйлауға күш таппай қалып жатады. Осындай жағдайларда мен оларға көмекшімін», — дейді Гвинет.

Әйел күніне бірнеше отбасылы еркекпен көңіл көтеріп үлгеретінін айтуда. Бүгінде ол фармацевтикалық магнаттың көңілдесі болып жүр екен.

«Ол маған қымбат сыйлықтар жасайды. Келе салысымен қымбат бутиктерден киім алып беріп, қонақ үйде қара уылдырықпен күтіп алады. Тек ең қымбат мейрамханаларда тамақтанамыз», — деп мақтанды ару.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM