Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жаңаөзен тұрғындары тағы да билікке талап қойып, үндеу жасады

KAZAKBOL.COM

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» алдында тұрақты жұмыс талап етіп тұрған мұнайшылар 26 сәуірде тағы үндеу жариялап, бірнеше талап қойды:

Өздерін еңбек жағдайы толық жасақталған, лайықты еңбекақысы бар мекемеге жұмысқа орналастыру;

Жаңаөзендегі мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды ашық тексеру;

Қытаймен арада визасыз режим енгізбеу.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қызметін тексеретін комиссия іске кіріскенін хабарлаған. Ізінше «Өзенмұнайгаз» бен «БерӘлі Маңғыстау Сompany» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіле бастағаны хабарланды.Алайда мұнайшылардың сөзінше, аталған комиссияның жұмысы ашық жүріп жатқан жоқ.

– Неге олар барлық барған жерін видеоға түсіріп алып, ашық көрсетпейді. Неге ақпарат жарияламайды? Ондай ашықтық жоқ. Астанада жүргенде ҚМГ өкілдері Жаңаөзенге қашып кетті. Ал енді мұнда оларды көріп жүрген жоқпыз, не істеп жүргенін білмейміз, – деді мұнайшылардың бірі Есенжан Әбдірахымов Азаттыққа.

Оның сөзінше, облыстық әкімдік өкілдері мұнайшылардың мәселесін шешуге бағытталған комиссия құрылатынын айтып, оған кіретін мұнайшылар тізімін алып кеткен. «Алайда бұл комиссия жұмысын бастаған жоқ» дейді мұнайшы.

Сәуірдің басында «Өзенмұнайгаз» компаниясының мердігері «БерӘлі Маңғыстау Company» кәсіпорны тендерде жеңіліп, 100-ден астам адам жұмыссыз қалған. Жаңаөзенде жұмыс талап кеткен мұнайшылар 10 сәуірде Астанаға келді. Бір тәулік энергетика министрлігі алдында қонған мұнайшыларды 11 сәуірде кешке қарай полицияның арнайы жасағы күштеп ұстап әкеткен. Бұдан соң Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары көшеге шығып, ұсталғандарды босатуды талап етті. Алматы мен Астанада және өзге де өңірлерде белсенділер ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті.

12 сәуірде таңертең мұнайшылардың көбі пойызбен Жаңаөзенге қайтарылып, 10 адам келісім жүргізу үшін Астанада қалған. 20 сәуірде мұнайшылар ҚМГ келіссөзді тоқтатқанын, талаптары әлі орындалмағанын жеткізген. Ал ҚМГ «арнайы комиссия» құрылғанын, Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың жұмысы тексерілетінін мәлімдеген.

Астанадан Жаңаөзенге оралған наразы мұнайшылар «Өзенмұнайгаз» алдына қайта жиналып, тұрақты жұмыс талап еткен акцияны қайта жалғастырған. Олардың сөзінше, содан бері оларға компаниядан және жергілікті биліктен талаптарын тыңдау үшін ешкім келмеген. Өткен аптада олар «бізді әкімдік пен прокуратура өкілдері таратуға тырысты» деп хабарлаған.

26 сәуірде Азаттық тілшісі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жауап ала алмады.

Сәрсенбі күні Жаңаөзендегі жұмысшылардың талаптарына түсініктеме берген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «бұл еңбек дауынан гөрі» «ҚазМұнайГаздың» өз ішіндегі тендер жүйесіне көбірек қатысты деп мәлімдеген. «Егер олардың жұмысына көңілі толмаса, онда еңбек мәселесі қозғалады, сол кезде біз қараймыз» деді Тамара Дүйсенова.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM