Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жаңаөзен мен Бейнеуде ереуілдеген жұмысшылар жаңа видеоүндеу жариялады

KAZAKBOL.COM

Жаңаөзендегі әкімдік алдында ақпанның 1-нен бері жұмыс талап етіп тұрған қала тұрғындары бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма бастығы Алик Айдарбаевқа, Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа тағы видеоүндеу жолдады.

Бұл жолы олар мұнай-газ саласына жұмысқа алуға жарияланған мораторий күшін жоюды талап етті.

Наразылар өкілі мәлімдемені дауыстап оқып береді:

— 2022 жылдан бастап мораторий жойылсын! «Өзенмұнайгаз» штаты кеңейтіліп, оған қызмет көрсететін компанияларға жұмыссыздар жұмысқа алынсын! Мұнай-газ өндіретін жаңа жұмыс орындары ашылсын. Біз, Жаңаөзен қаласының жұмыссыз халқы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан осы өңірге келіп мәселемізді тезірек шешіп беруін талап етеміз!

Осыдан соң жиналған жұрт «Талап етеміз!» деп қосыла айқалайды.

Дүйсенбіде «Өзенмұнайгаз» компаниясына қызмет көрсететін FTC WIN мекемесінің жұмысшылары да жұмысын тоқтататынын хабарлаған видеоныәлеуметтік желіде жариялады.

— Арамызда аз қамтылған отбасылы азаматтар, көп балалы аналар бар. Нарықтағы бағаның өсуіне байланысты отбасын асырау қиынға соғып барады. Біздің талаптарымыз орындалмауына байланысты жұмысты тоқтатуға мәжбүрміз. Бізді болашағы бар мунай-газ саласына штатқа өткізуді талап етеміз! — дейді видеода жиналған наразы жұмысшылардың бірі.

Бұл күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ветеринарлық станция қызметкеріміз деген бір топ адам жалақыны көтеруді талап етіп, айтқаны орындалмаса, 1 наурыздан жұмысты тоқтатынын мәлімдеді. Олардың да үндеуі әлеуметтік желіде тарады. Ветеринарлар үндеуін президенттен бөлек, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевке де арнаған. Олардың айтуынша, еңбек өтілі 15-40 жыл арасындағы жоғары санатты дәрігер болғанына қарамастан, айлық жалақылары 50-70 мың теңгеден (112-162 доллар) аспайтынын айтады.

Олар жалақыны 68 пайызға көтеріп, зияндылық үшін төленуі тиіс 12 пайыз жэне ветеринария саласына қосылған 23 пайыз үстемақыны төлеуді талап етеді.

Наразы ветринарлардың айтуынша, Қазақстанның ауылшаруашылық министрі Ербол Қарашүкеев 3-9 ақпанда Маңғыстауды аралағанымен, ветеринарлық станцияларға соқпаған.

Азаттық Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына және FTC WIN компаниясына хабарласып, комментарий ала алмады.

Жаңаөзенде қазір еңбек жағдайын жақсартып, еңбекақыны көтеруді талап етіп тағы бірнеше компания ереуілдеп тұр. «Бұрғылау» ЖШС, «Теміртас» ЖШС, «РКЦУ-Ақтау» ЖШС жұмысты тоқтатып, ереуілдеп тұрғандарына аптаға жақын уақыт болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM