Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылар талаптары орындалмаса, жарықты сөндіретінін ескертті

KAZAKBOL.COM

Жаңаөзенде «Өзенэнергосервис» кәсіпорнының жұмысшылары жалақыны екі есеге өсіруді талап етіп, ереуілдеп жатыр. Бұл туралы кәсіпорын жұмысшыларының интернетте жариялаған видеомәлімдемесіне сүйенген Lada.kz сайты хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жұмысшылар талаптары орындалмаса, қаладағы жарықты сөндіретінін айтып ескерткен.

Порталдың хабарлауынша, олар жалақыны екі есеге өсіруді, демалыста төленетін ақыны көбейтуді, «13-жалақыны» беруді, зейнетақы жарнасын уақытында төлеуді, сыйақы беруді талап етіп отыр.

Олар мұндай әрекетке амалсыздан барып отырғанын және талаптары орындалмаған жағдайда жарықты сөндіретінін ескерткен. Бірақ аурухана, перзентханалар сияқты халық үшін маңызды нысандарға «тиіспейтінін» айтқан.

«Жаңаөзен тұрғындарына айтарымыз: егер қалада жарық сөнсе, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің талабымыз орынды» деді наразылар.

Кей ақпаратқа қарағанда ереуіл 25 шілдеде басталған. Азаттық тілшісі аталған мекеме жұмысшылары мен басшылығына хабарласа алмады.

Orda.kz сайтының жазуынша, Жаңаөзен әкімдігі оқиғаға түсініктеме берген.

«Өзенэнергосервис» мекемесінің бір топ жұмысшысы еңбек қатынасына байланысты наразылық акциясын жариялады. Бірақ соған қарамастан кәсіпорынның жұмысы тоқтамады. Тұрғын үй секторы, әлеуметтік, коммерциялық нысандарға жарық беру бойынша мәселе жоқ. Халыққа маңызды және стратегиялық маңызы бар нысандардың барлығы штатты жағдайда жұмыс істеп жатыр» деді әкімдік өкілдері.

Қазір «Өзенэнергосервиспен» қатар өрт сөндіретін жекеменшік тағы бір мекемеде ереуіл жалғасып жатқаны хабарланды. Ақпарат анықталып жатыр.

Жаңаөзенде кей мекемелерде ереуіл өтіп жатса, кейбірінде тоқтаған.

25 шілдеде Жаңаөзенде «UTS LLС» мекемесінің ереуілі тоқтады. Компания жұмысшыларының бірі 27 шілдеде Азаттық тілшісіне бес талаптың барлығы орындалды, ереуіл тоқтады деп хабарлады. Мұны мекеме басшылығы да растады. Жұмысшылар жалақыны өсіру, денсаулыққа зиянды аймақта жұмыс істегені үшін өтемақы төлеу және тағы бірнеше талап қойған еді.

Бұған қоса, «Өзенмұнайгазға» вахтерлық қызмет көрсететін NBKS мекемесінде де ереуіл тоқтағаны хабарланды.

Осыған дейін Атырау облысы Теңіз кенішінде ESS компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан еді. Ереуілдің тоқтағаны-тоқтамағаны белгісіз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM