Қырғызстан президенті ісін басқарушы Тілек Батырханов инвесторға бөлінетін 16 гектар жер Бішкектің оңтүстік бөлігінде орналасқанын Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне ресми түрде растады.
«Жаңа әкімшілік ғимаратын тұрғызуға келіскен инфесторға біз 16 гектар жер ұсындық. Жер телімі Малдыбаев көшесінде орналасқан», — деді Батырханов.
Шенеуніктің айтуынша, бұл жер бұрын қала әкімдігінің меншігі болған, кейін спорт комитетіне берілген. Былтыр қыста ол президент істері басқармасының меншігіне өтті. Батырханов құрылыс бір жарым жылда аяқталатынын айтты.
15 сәуірде президент Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы «Ыстықкөл» қонақ үйінің орнына салынатын жаңа әкімшілік ғимараттың алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты.
Кейін «Ақ үйді» қырғыздың TS Group компаниясы тұрғызатыны, оған қаладан 16 гектар жер бөлінетіні мәлім болды. Бірақ осы уақытқа дейін ол жердің қайда орналасқаны ресми түрде хабарланбаған.
KAZAKBOL.COM