Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз—өзін өртеп жіберді

KAZAKBOL.COM

Беті бері қарағанына қарамастан, зардап шегушінің бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.

Маңғыстау облысында үстіне бензин құйып өз-өзін өртеген ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы stan.kz, «Лада» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 15 қыркүйек күні болыпты. Қатты күйік шалған зардап шегуші алдымен орталық ауруханаға, сосын тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Облыстық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиевтің айтуынша, ер адам ауруханаға түскен кезде мас күйде болған.
“Денесінің 55 пайызы күйіп қалған, қатты күйік мөлшері – 35 пайыз. Жасанды демалу құрылғысымен жансақтау бөлімінде күйікті емдеу төсегінде жатыр”, — дейді Жансерік Шаухымбердиев.
Дәрігерлердің айтуынша ауыр халде жатқан ер адамның жағдайы оңалу үшін кемі 3-4 апта уақыт керек. Беті бері қарағанына қарамастан, оның бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.
Фото: stan.kz
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM