Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

KAZAKBOL.COM

Жамбыл облысы аумағында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушылар пойызы бөгелді деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» мемлекеттік компаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Компания ақпаратына қарағанда, жүк пойызы 31 шілде күні сағат 8:5-те Қашқантеңіз-Жастар өткелінің Мойынты-Шығанақ бөлігінде рельстен шығып кеткен. Төтенше оқиға салдарынан бес жолаушылар пойызы бөгеліп тұр.

«Қазақстан теміржолы» компаниясы болжам бойынша, жолаушылар пойыздары Астана уақытымен 18-де қозғалатынын айтады. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүк вагондарының рельстен шығуына бір вагонның жанама рамасының сынуы себеп болған.

Қазір бұл оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылған.

17 маусым күні сағат 13:25-те Жамбыл теміржол бөлімінің Сарышаған — Шу бөлігінде Астанадан Алматыға келе жатқан №9 жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен. 20 вагон рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтенше оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM