Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жамбылдық жігіт әйелін апта сайын сабамағаны үшін өкінді (видео)

KAZAKBOL.COM

Фото YouTube видео

Қазақстан ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» ток-шоуына келген азамат 20 жыл отасқан әйелі төрт-бес жыл таяқ жемей, өзінен қорықпай кеткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуалыдан келген Ербол Сазанбеков әйелін алдағаны үшін мектептің алдында ұрғанын айтты. Отағасы он екі жарымда бала-шағасын күтіп, әйеліне хабарласқан. Алайда, жігіт он бес минут бұрын үйге қарай шығып кетті деген қызының сөмкесін көршінің әкелгенін көріп, әйеліне қайта хабарласқан.

«Әйеліме қайта звондап, «Алтынай қайда?» десем, реферат шығаруға кетіп еді, бүйтіп қалыпты, сөйтіп қалыпты деген «отмазка» айтады. Мен «Неге мені бұлай алдайсың, жаңа он бес минут бұрын шығып кетті дегенің қайда?» десем, ол қызымның менен қорқатынын айтты. Ашуланған мен бірден мектепке бардым», — дейді ол.

Мектеп пен үйдің арасы жиырма минуттық жерде екенін айтқан Ербол, мектептің алдына барған соң, әйеліне хабарласып, сыртқа шығуын сұраған.

«Келгенде сиыр сыйпағанды білмейсің, не істеп жүрсің деп шапалақпен бір ұрдым. Сөйтсем қолымнан ұстап алған, көзін бақырайтып, шатынайды. Жиырма жылда мен оның ондай түрін көрмегенмін. Сосын алдым да, баспен бір ұрып, бұрылып кетіп қалдым«, — дейді ол.

Осы жағдайдан кейін, әйелі төрт баласын алып, төркініне кетіп қалған.

«Ұрмағаныма міне бес жылдай болған. Ол соны «разчувствовался», «страх» жоғалтып алған. Оны апта сайын ұрып тұрсам, ол страхты жоғалтпас еді. Оны ұрып тұруым керек еді. Семейдің қызы, қазір Таскескенде жатыр», — деп өкінді Ербол.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM