Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: қаза тапқандар саны 14 адамға жетті (видео)

KAZAKBOL.COM

Жамбыл облысында жарылыс болған әскер қоймадан тағы бір адамның денесі табылды. Осылай деп елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қайтыс болған адамның кім екені анықталып жатыр.

Әскери қоймада қайтыс болғандардың саны 14-ке жетті. Олардың арасында төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері, әскери бөлімнің, әскери прокуратураның және әскери күзеттің қызметкерлері бар. Тағы төрт адамның денесін анықтап жатыр. Екі адам із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында.

«Екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», — деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімі аумағында орналасқан оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Жарылыс ошағына жақын елдімекендерден жүздеген адам эвакуацияланған.

Сенбі күні таңертең Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жарылыс пен өрт болған жерден қаза тапқан тағы бір адамның табылғанын хабарлады. Қазіргі дерекке сай, төтенше оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен. Оқиға болған кезде хабар-ошарсыз кеткен үш адамды әлі іздеп жатыр.

Жұма күні Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы кейбір оқ-дәрі осыдан екі жыл бұрын дәл осындай әскери бөлімдегі қойма жарылған Арыс қаласынан әкелінгенін айтты.

Бұл жолғы жарылыстың себебі әлі белгісіз. Ермекбаев жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Азаттық сұрағына берген жауабында қорғаныс министрі Ермекбаев қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеп, бірақ түпкілікті шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайтынын айтты.

Қазақстанда 29 тамыз жарылыс құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM