Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жамбыл облысындағы жарылыстардан соң істі болған генерал-майор қамаудан босатылды

KAZAKBOL.COM

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы басшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер қыстағындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері ІІМ-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.

21 сәуірде Қарақұлов тергеу изоляторынан босап шыққаны мәлім болды. Оның қамауға алынғаны содан бір күн бұрын ғана хабарланған.

Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті әскери тергеу басқармасының хабарлауынша, Қарақұловты «бас прокурордың көмекшісі күдіктіні қамауда ұстау қажет емес деп танығанына байланысты» босатылған. Басқарма мәліметінше, іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Наурыз айында Қайдар Қарақұлов «Оңстүстік» өңірлік қосбасшылығының басшысы қызметінен босатылған.

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданында қару-жарақ қоймасы жарылды. 17 адам қаза тапты. Бір адам із-түссіз жоғалды. Жүзге жуық адам жараланды. Жүздеген адам басқа жерге көшірілді. Қаза тапқандар арасында төтенше жағдай қызметінің, прокуратураның қызметкерлері мен әскерилер болды.

Былтырғы 10 қазанда Жамбыл облысы Сарыкемер қыстағындағы инженерлік қару-жарақ қоймасында тағы бір жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі төтенше оқиға кезінде ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

2019 жылғы маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери қойма жарылып, төрт адам қаза тапты. 60 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ресми мәлімет бойынша, Арыстағы жарылыстан 7 527 тұрғын үй және 103 көп қабатты үй қирады. Шамамен 500 үй мен үш көп қабатты үй сүрілді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM