Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы аударылып, екі адам қаза болды, ондаған адам жарақат алды

KAZAKBOL.COM

12 мамырда Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза болды, 33 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция ақпаратынша, рейс автобусының жолаушысы жаңбыр мен бұршақ кезінде көлікті басқара алмай, сол бағытта жүріп жатқан трактордың тіркемесіне соғылған.

«Жол апатының салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза болды, 33 адам ауруханаға жеткізілді, үшеуі реанимацияда жатыр» деп жазылған Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Өзбекстанда тіркелген жолаушылар автобусы Алматы – Ташкент автожолының 571-шақырымында (бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасының бір бөлігі), Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдан алты шақырым жерде аударылған.

Полиция «Жол немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу» (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің жақындары мен туыстарына психологиялық көмек көрсететін «шұғыл желі» ашылғанын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM