Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар 15 адамға жетті. Бір адам іздестіріліп жатыр


Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы 30 тамызда Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Мәйітті қорғаныс министрлігінің саперлері тапқан, қазір марқұмның кім екені анықталып жатыр.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Қазір жоғалған тағы бір адамды іздеу жалғасып жатыр. Апаттан 98 адам жараланғаны хабарланды.

Қаза болғандардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөліміндегі қоймадағы оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан.

Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды. Қазір олардың бәрі үйіне оралған. Тұрғындар арасында жарақаттанғандар жоқ дейді жергілікті билік.

Жамбыл облысы әкімдігінің айтуынша, апат салдарынан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық объект, үш мектеп бүлінген. Әкімдік үйлерді екі ай ішінде қалпына келтіруге уәде берді.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Министрлік 10 жарылыс болғанын, әскери қоймада Арыс қаласындағы қоймадан әкелінген оқ-дәрілер қойылғанын растады. 2019 жылы Арыстағы әскери қоймада да осыған ұқсас жарылыс болып, салдарынан төрт адам қаза тапқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM