Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Жамбылдағы сарбаздың өлімі: Күдіктінің адвокаты тергеуге күмән келтіреді. ІІМ қорғаушы этиканы бұзды дейді

KAZAKBOL.COM

23 қаңтарда ішкі істер министрлігі адвокат Сержан Пралиевті Жамбыл облысында әскерде көз жұмған атыраулық сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты істе «жалған ақпаратты жария етті» деп айыптады.

ІІМ «сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды» деп мәлімдеді.

19 жастағы Бекбол Мираштың өліміне күдікті Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пралиев 20 қаңтарда Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюрода өткен баспасөз жиынында тергеу ісіне қатысты мәлімдеме жасаған.

Қорғаушы жиында «үш рет жүргізілген ДНҚ сараптамасы кезінде марқұм Бекбол Мираштың денесінен, киімінен екі және одан да көп ер адамның шәуқаты табылғанын» айтқан. Пралиев «ДНҚ сараптамасында қорғауындағы күдіктіден ештеңе анықталмағанын, сараптама қорытындысы тергеу ісіне тіркелгенін» де жеткізген.

Адвокат марқұм Мирашпен қызметтес болған барлық әскериді ДНҚ сараптамасын өткізуді талап етіп жазған өтінішін әскери тергеу басқармасы қанағаттандырмағанын да мәлімдеген еді.

Күдіктінің қорғаушысы Азаттыққа ІІМ «жалған ақпарат таратты», «этиканы бұзды» деген уәжімен келіспейтінін айтады.

— Іс бойынша ДНҚ сараптамасында шәуеті анықталған сарбаздардың аты-жөнін атаған жоқпын. Ішкі істер министрлігі Астанадағы адвокаттар алқасына қалалық әділет департаментінен менің қайда істейтінімді сұрап хабарласқанын естідім. Министрлік әрекетін маған жасалып отырған қысым деп есептеймін, — дейді адвокат

Пралиев республикалық адвокаттар алқасының адвокаттар құқығын қорғау комиссиясына «өзіне қысым жасалып отырғанын және құқығы бұзылғанын» айтып, арыз жазған.

Адвокат 20 қаңтардағы баспасөз мәслихатында сарбаздың өліміне қатысты тергеуді тағы бір айға созуды, барлық сарбаздан жауап алуды талап еткен еді. Бұған қоса, ол 16 қаңтарда қорғауындағы Нұртаевтың ісінде айып қайта сараланғанын, оған қазір Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», «Қызметін асыра пайдалану арқылы ауыр зардаптарға әкеп соғу» және «Ақшаны қорқытып алу» баптары бойынша айыптар тағылғанын мәлімдеген.

Қорғаушы 23 қаңтарда Тараздағы тергеу соты күдікті Нұртаевтың қамау мерзімін 24 ақпанға дейін созғанын хабарлады.

Пралиев сарбаз өліміне өзінің қорғауындағы Нұртаев емес басқа әскерилер күдікті деп санайды.

Қорғаныс министрлігі және Мираш әскери борышын өтеген Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бекеті адвокаттың сөзіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Азаттық марқұм Мираштың жақындарына хабарласқанымен, олар «бұл мәселемен мазамалауды» сұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM