Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жансейіт Түймебаев бүкіл әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

KAZAKBOL.COM

Жансейіт Түймебаев

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қоластындағы қызметкерлеріне «ұрыспай-таласпай» жұмыс істеуге кеңес берді, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Жансейіт Түймебаев рухани астана болып табылатын Түркістан қаласына жасаған сапарында қасына Түркия елінен келген қонақтарды ертіп жүрді. Алдымен Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат еткен аймақ басшысы «Көне Түркістан» тарихи-мәдени туризмін дамыту концепциясымен танысты. Мұнан соң «Отырар» мөлтекауданында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйлер мен индустриалды аймақтағы өндіріс орындарын аралады.

Бір күндік сапарын қорытындылау мақсатында облыс басшысы жергілікті әкімдік қызметкерлерінің басын қосып жиын өткізді.

Өз сөзінде жердің құнарлылығын еске салып, мұнда ауыл шаруашылығының ақсап тұрғанын сынға алды. Атқарылған жұмыстарға көңілі толмады.

«Шетелдіктер «Жерімізге тыңайтқыш сеппесек, түк шықпайды, себебі жеріміз тозып кеткен. Мына жерлеріңізбен бүкіл дүниені қамтамасыз етуге болады ғой» деп қызығып отыр. Біздің жерді сұрап отырғандар көп қой білесіздер ме? Бүкіл дүние көзін тігіп отыр. Ал біз мамыражай оның үстінде отырмыз. Астымыздағы жерді көрмейміз, айналамызға қарамаймыз. Өзгенің дүниесін түгендейміз, сөз қыламыз. Бұлай болмайды. Бар нәрсені пайдалану керек… «Үйтеміз-бүйтеміз» деген жарамайды. Жоспармен жұмыс жасаңыздар», — деп ашуға булықты Түймебаев.

Туризм саласын да назарға алған облыс әкімі егер жағдай жасалса, Түркиядан жылына 1 млн турист келуге дайын екенін жеткізді. Оны сол елдегі достары айтыпты.

«Жұмыссыздар қатары артып отыр. Қылмыс саны да былтырғымен салыстырғанда көбейген. Осының бәрі бір ғана Түркістанда… Бұл жер жай жер емес. Бүкіл дүниеден адамдар келетін қасиетті мекен. Сондықтан да құрметпен қараңыздар. Тап-тинақтай жүріңіздер. Қаланы таза ұстаңыздар», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Түймебаев мырза қоластындағы қызметкерлеріне «ұрыспай-таласпай» кемшілікті ретке келтіруге кеңес берді.

«Кемшілік жөнделмесе, оны жасай алатын басқа азаматқа орындарыңызды босатыңыздар. «Болам» дейтін адамдар көп қой, соларға орынды ұсынамыз» деп жиынды қорытындылады аймақ басшысы.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM