Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жантүршігерлік өрт: БҚО-да 200 бас мал тірідей жанып кетті (фото)

KAZAKBOL.COM

БҚО Қазтал ауданы Талдыапан ауылының маңында болған өрттен 100 ешкі, 90 қой тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрғындар тірідей жанып кеткен мал өліктерінің адам шошырлық суреттерін жолдауда. Өрттен қырылған мал саны бұдан да көп болуы мүмкін.

БҚО ТЖМ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Нұргүл Мұқанова тірідей өртеніп кеткен мал саны әлі де анықталып жатқанын айтты.

«30 шілдеде сағат 13.30-да Қазтал ауданынан хабарлама келіп түсті. Талдыпана ауылынан 17 шақырым жерде құрғақ шөптер жанып, өрт орын алған. Өрт тек сағат 21.00-де ғана ауыздықталды. Өрт шалған жердің аумағы әлі анықталып жатыр. Салдарынан 100 ешкі мен 90 қой қырылып қалды. Бұл тек болжа бойынша. Малдың нақты саны әлі де анықталуда», — дейді Нұргүл Мұқанова.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM