Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапония Курил аралдарын Ресейдің заңсыз басқыншылығындағы аумақ деп атайды

KAZAKBOL.COM

Токио оңтүстік Курил аралдарын ресми түрде «Жапонияның заңсыз басқыншылықта қалған төл жері» деп атайды.

Жапония үкіметі сыртқы саясатының анықтамасы — «Дипломатия жөніндегі көк кітаптың» жаңа шығарылымының қолжазбасында осындай сипаттама қолданылған. Бұл туралы «Киодо Цусин» агенттігі хабарлады.

Жапония Курил қырқасының оңтүстіктегі төрт аралын өзінікі деп санайды. Олар: Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында бұл аралдарды Совет одағы аннексиялап, сондағы жапондар шығарылған. 1956 жылы Мәскеу мен Токио әскери қимылдарды доғару туралы декларацияға қол қойды, алайда бейбіт келісімге отырған жоқ.

2003 жылға дейін жапон дипломатиясы аралдарды ресми түрде «заңсыз басып алынған» деп атады, ал 2012 жылға дейін «төл жерлер» деп сипаттады. 2012 жылдан бастап Ресеймен ымыраға ұмтылған жапон үкіметі мұндай анықтаманы қолданбауға тырысты.

Жапония 1956 жылғы декларацияға қайта оралуға дайын болды. Құжатта екі ел арасында бейбіт келісім жасалған соң КСРО Хабомаи мен Шикотан аралдарын Жапонияға қайтаратыны айтылған. 2019 жылы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Курил аралдары мәселесін түпкілікті шешуге ант қабылдағанын мәлімдеді. Алайда келіссөздер нәтиже бермей отыр.

Биыл наурыздың басында Жапония сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси үкіметте сөйлеген сөзінде аралдарды «жапонның төл жерлері» деп атады. Одан кейінгі баспасөз конференцияларында министр бұл аумақтарды «заңсыз басып алынған» деп сипаттады. Содан кейін Мәскеу Курил аралдарына қатысты бейбіт келіссөздерді тоқтатты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM