Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапония Ресей шенеуніктері мен компанияларына қарсы санкциясын күшейтті

KAZAKBOL.COM

Жапония билігі Ресейдің 48 азаматы мен 74 ұйымының активтері бұғатталғанын жариялады. Санкцияға іліккен мекемелердің арасында бір банк бар. Мұндай шешім Ресейдің Украина аумағына басып кіргеніне бір жыл толуына орай қабылданған.

Жапонияның жаңа санкция тізіміне Ресей қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Виктор Горемыкин мен «Калашников» концернінің президенті Алан Лушников кірген. Президенттің Мемлекеттік кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқармасының басшысы Александр Харичев, оның орынбасары Борис Рапопорт, сонымен бірге Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың туысы Турпал-Әли Ибрагимов те шектеуге тап болған. Бұған қоса Жапония санкциясына Ресей Қарулы күштері Бас штабының және Бас штабқа қарасты есептеу орталығының қызметкерлері де ілінді.

Жапония үкіметі «Ақ Барс» холдингіне, «Союз» федералдық қос технологиялар орталығына, «Росэлектроника» холдингіне, әскери өнеркісіпке қатысы бар бірқатар институттар мен зерттеу орталықтарына, соның ішінде П.Н. Лебедев атындағы дене шынықтыру институтына шектеу қойды.

Санкция тізімінде «Квант» үкіметтік емес ұйымы, «Вымпел» кеме құрылысы зауыты, «Факел» конструктор бюросы және «Радиоавионика» компаниясы бар. Бұған қоса Жапония үкіметі «Росбанк» пен «ЧВК Вагнерге» санкция салды.

Жапония Ресей аннексиялаған Қырымның, «ДХР» және «ЛХР» деп аталатын субъектілер өкілдерін, сонымен бірге Украинаның Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялауға қатысы бар азаматтарды бөлек сакнция тізіміне қосты.

25 ақпанда Жапония премьер-министрі Фумио Кисида санкция тізімі ұлғайғанын мәлімдеді. Жапон үкіметі Ресейдің 120 азаматы мен ұйымдарының активтерін бұғаттады. Жапонияның шектеу қойылғандар тізімінде Ресейдің шамамен 900 азаматы, 450-ге тарта ұйымы мен компаниясы бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM