Жапония Украинаға 5,5 млрд доллар көлемінде жәрдем береді. Бұл туралы 20 ақпанда елдің премьер-министрі Фумио Кисида Токиодағы ғаламдық форумда мәлімдеді.
Ол бұдан бөлек Украина президенті Владимир Зеленскийді «Үлкен жетіліктің» (G7) онлайн-саммитіне қатысуға шақырды. Associated Press агенттігі хабарлағандай, саммит кезінде G7 елдері Украинаға алдағы уақытта көрсетілетін көмекті талқылайды.
Соғыс басталғаннан бері Жапония Украинаға 600 млн доллар көлемінде қаржылай және тағы жүздеген млн долларға гуманитарлық көмек көрсетті.
Жапония Ресейге қарсы АҚШ және Еуроодақ енгізген санкцияларға қосылған. Өлке Ресейге вакцина, медициналық құралдарды және роботторды жеткізуге тыйым салған. Бұдан бөлек радиоактивті материалдарды, атомдық нысандар, мұнай және газды зерттеу үшін құрылғылар беруді тоқтатты. Жапония орыс азаматтарына және компанияларға да санкция салған.
KAZAKBOL.COM