Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жарылыс кезінде Санкт-Петербургте болған қазақ әншісі денсаулығы туралы айтып берді (фото)

KAZAKBOL.COM

Ресейдегі жарылыс кезінде «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов Санкт-Петербургте ота жасатып жатқан болатын. Оның денсаулығына алаңдап, дал болған тыңдармандары оған түрлі сұрақтар жолдап, хал-жағдайын сұраумен болған. Көпшіліктің көңілін орнына келтіру үшін Мырзахан отаны не үшін және қай жеріне жасатқанын айтып берді.

Ол өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырып, өзі үшін алаңдаған жұртқа алғысын айтты.

Мырзахан Маханов. Фото әншінің Instagram парақшасынан алынды

«Құрметті менің отандастарым, бауырларым! Осыдан 3 ай бұрын тамағыма қатты суық тиіп, медицина тілімен айтқанда дыбыстық бауларыма зақым келіп, ота жасауға тура келді. Баршаңыздың дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет!

Елден алыс жүрсем де, жерлестерімнің жылы лебізін, шын жанаршырлықтарынызды естіп, инстадан көріп «жарам» біршама жеңілдеп қалды! Көптен көп рахмет! Сіздердің де отбастарыңызға амандық берсін! Қазақстанда кездескенше», — деп жазды ол.

Мұны көрген желі қолданушылары оған тезірек жазылып, аман-есен елге оралуына тілектестік білдірді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM