Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деген полицейлер ұзақ жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Қаңтар оқтиғасынан кейін ұсталып, Алматыдағы уақытша қамау изоляторында қаза тапқан Жасұлан Анафияевтың ісі бойынша сот үкімі шықты.

Алматының Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Анафияевты азаптап өлтірген жеті полицейдің екеуі: Аян Елубеков пен Махамбет Шынжырбаев 10 жылға сотталды. Закир Ибрагимов 9 жылға, Нұрлан Торыбаев, Ардақ Әзімбеков пен Бейбіт Жақыпбаев 8 жылға, ал Арнат Мирадилов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейтін болды.

Қосымша жаза ретінде барлығына үш жылға дейін мемлекеттік мекемеде жұмыс істеуге тыйым салынды.

Анафияевтың қарындасы мен жарына моральдық зардап үшін сотталушылар біргіп 20 миллион теңге төлеуі тиіс.

Жеті адам «Азаптау» бабы бойынша айыпты деп танылды. Дегенмен, марқұм Анафияевтың қарындасы бұл айыппен келіспейді.

– Сот үкіміне келіспеушілігіміз бар. Өйткені біз күдіктілердің [Қылмыстық кодекстегі] 146-баптың 3-тармағы бойынша емес, 99-бап («адам өлтіру») бойынша сотталса деп ойлап едік. Өйткені 146-баптың 3-тармағында «азаптау» және «абайсызда өлтіру» (абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау – ред.) деген сөздер бар. Ал 99-бап Жасұланның өліміне түбегейлі сәйкес келеді деп есептейміз. Оны қинап, өзара келісіп, камералардың бәрін өшіріп, дабылды қосып, шығарып алып, жетеуі жабылып тепкілеп өлтірген», – деді Ләззат Анафияева Азаттыққа.

Жақындары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек.

47 жастағы Жасұлан Анафияев 2022 жылғы 5 қаңтарда Алматыда көппен бірге көшеге шыққан. Арада төрт күн өткенде оны полиция алып кетіп, 12 қаңтарға қараған түні ұрып-соғып, азаптап өлтірген. Жақындары оны 18 қаңтар күні мәйітханадан тапқан. Денесінде сау жері болмады дейді жақындары. Бұл іске қатысты сот бес ай жүрді. Онлайн өткен сотта айыпталушы жеті полицей өздеріне тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан. Алайда, Алмалы ауданы сотының судьясы Есен Үстелбаев, тергеу изоляторына бөтен адам кірмейтінін, сотталушылар мойындамаса да онда өз аяғымен кірген адамның бірнеше сағатта 13 қабырғасы сынып, көз жұмуы азаптау болғанын дәлелдейді деді.

Үкім әзірге күшіне енген жоқ. Екі тарап 15 күн ішінде оған шағым түсіре алады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM