Көрнекі фото: әлеуметтік желі
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 28 жастағы ана ішімдікке сылқия тойып алып, өзінің көңілдесімен бірге «оңаша» қалғысы келген. Алайда, жылауын тоқтатпаған кішкентай бүлдіршін олардың мазасын алыпты.
Сол сәтте ашуға булыққан әйел өз баласын төртінші қабаттың терезесінен далаға лақтырып жібереді. Бүлдіршін ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен.
Полиция қызметкерлері оның анасын қамауға алды. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.
KAZAKBOL.COM