Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жээнбеков: Мен танымайтын «туысқандар» көбейді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 21 қыркүйекте аймаққа сапары кезінде елде отбасылық басқаруға жол бермейтінін тағы мәлімдеді. Ол президенттің атын жамылып жүргендерді жауапқа тартуты тапсырды.

«Жээнбеков Бакиевке айналып, туыстарын билікке тартып жатыр екен деген алып-қашпа әңгімелерді әдейі таратып жатыр. Мен ешқандай туысымды билікке жібермеймін. Оны біліп қойсам, қатаң жаза қолданам. Оны барлығы жақсы біледі. Қазір менің көптеген «туысым» мен «достарым» пайда болды. Олар менің атымды жамылып жұмысқа тұрады екен. Мұндай жағдайлар анықталса, олар бірден ұсталсын деп айтам.

Бұрынғы президенттердің тәжірибесі — маған үлкен сабақ болды. Менің ұлым мен қызым бар. Ұлым төртінші сыныпта оқиды. Ол Максим Бакиевтің жасына жетем дегенше, мен қызметтен кетем. Менің мақсатым — халықпен бірге болуы және президенттік қызметті тыныш тапсыру», — деді ол.

Президент бұған дейін де Қырғызстанда отбасылық билікке жол бермейтінін мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM