Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жерорта теңізінде жүздеген босқын Грекияға жете алмай суға батты

KAZAKBOL.COM

Пәкістан федералдық тергеу агенттігі бейсенбі күні Reuters ақпарат агенттігіне Грекия жағалауларында 209 пәкістандық қаза болғанын хабарлады. Жүздеген босқын мінген шағын кеме ашық теңізде аударылып, суға батып кетті.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, мигранттар мінген кеме Ливиядан Грекияға қарай жүзген.

Бұның алдында 82 адам ресми түрде өлді деп танылғаны, 104 адам тірі қалғаны жарияланған. Тергеушілер қаза болған босқындардың кімдер екенін анықтап жатыр. Теңізге батқандар бұдан да көп болуы мүмкін.

Түрлі елдердің жүздеген босқыны кеме бортында болған. Кейінгі бірнеше жылда Жерорта теңізінде осынша көп адам өлген апат болмаған.

Бұған дейін хабарланғандай, кемеге 181 пәкістандық, 28 кашмирлік мінген. Дәрігерлер екі жүзге жуық отбасының генетикалық мәліметін жинаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұзындығы 20-30 метрлік кемеде 400-ге жуық адам болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM