Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмысшылары еңбек шарттарын жақсартуды талап етті

KAZAKBOL.COM

9 мамырдың кешінде «Қазақмыс Смэлтинг» компаниясының Жезқазғандағы мыс балқыту зауытында ондаған жұмысшы жұмысқа шығудан бас тартты.

10 мамырда олар қайта жұмысқа шыққаны, бірақ жұмысшылардың бастамашыл тобы келіссөз жүргізу үшін басшылықпен кездесуді күтіп жатқаны хабарланды.

Жұмысшылар еңбек шарттарын жақсартуды, айлығын көтеруді, жылдық сыйақыны көбейтуді, бір айлық көлеміндегі тоқсандық сыйақыны қалпына келтіруді, жұмыс кестесін өзгертуді, зейнет жасын төмендетуді, 63 жастан асқан жұмысшылармен еңбек келісімін тоқтатуды және компанияның медициналық орталығында жұмысшыларға және олардың отбасы мүшелеріне тегін қызмет көрсетуді талап етеді.

«Қазақмыс» компаниясы жұмысшылармен «мәселенің шешілгенін» мәлімдеді.

«9-10 мамыр күндері Жезқазғандағы мыс балқыту зауыттың бастамашыл тобы мүшелерімен «Қазақмыс Смэлтинг» басшыларының арасында кездесу өтті. Нәтижесінде «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы деңгейінде бірқатар проблемалар шешілді. Қазір зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деп жазылған компания мәлімдемесінде.

Бірақ онда нақты қандай мәселелер шешілгені айтылмаған.

Былтыр қараша айында аталған зауыт жұмысшылары жаңадан тағайындалған директор Бексұлтан Қасымбековті қызметінен алуды талап еткен. Онда олар басшының «саясатымен» келіспейтінін мәлімдеген. Кейін зауыттың директоры алмасқаны мәлім болған.

«Қазақмыс» компаниясы табиғи ресурстарын қазу және қайта өндірумен айналысады. Компания құрамында геологиялық-барлау кешені, 13 кен, төрт кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір кені және бір отын-энергетикалық кешені кіреді. Компанияның негізгі өндірісі Ұлытау және Қарағанды облыстарында орналасқан. «Қазақмыс» корпорациясында жалпы 38 мыңнан астам адам істейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM