Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жиһадшыға ғашық болған 13 жасар алматылық жасөспірім Сирияға аттанған

KAZAKBOL.COM
Фото: vk.com

Саясаттанушы Ерлан Қарин Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында Сирияға кеткен қыздардың арасында махаббат құрбандарының барын да жасырған жоқ. Бұл туралы NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Президент жанындағы стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин ақтөбеліктермен кездесуде Сирияға кетіп жатқандардың арасында махаббат құрбандарының барын айтып берді.

«Алматыдан 13 жастағы қыз Сирияға кетіп қала жаздады. Тәуір отбасында өскен. Сабағы да жақсы, үйірмелерге де барады. Бірақ бір күнде билет алып, басқа қалаға кетіп қалған», — дейді Ерлан Қарин.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз билет алып, елінен алыстаса да, Сирияға жетпей тоқтатылған.

«Шүкір, орта жолда ол қызды тауып алып, елге қайтарды. Сондағы кеткен мақсаты не десеңіз, онда дін мәселесі болған жоқ. Шындығына келгенде ол қыз Сирияда не болып жатқанын білмейді, діни мәселеден хабарсыз. Ол радикалдық роликтерден жас жігіттің образын көріп, қолына қару алып тұрса да сол кейіпкерге қызыққан. Идеалдардың деформациясы», — дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.

Саясаттанушы жалған идеалдардың құндылықтар дағдарысын жасап жатқанын айтты.

«Мен осы терроризм саласын зерттеп жүрмін. Осы баппен сотталған адамдармен де сұқбаттар жүргіздім. Менің көзімнің жеткені —  әлеуметтік, экономикалық, саяси факторлардың әсерін жоққа шығармасақ та, негізгі проблема — құндылықтар дағдарысы. Бұрынғы идеалдар жоқ. Идеалдар деформациясы болып жатыр. Бұрын бізге әкеміз, атамыз үлгі болатын. Қазірде қоғамдағы құндылықтар дағдарысының бір себебі — жастарда нақты идеал жоқ. Олардың табынатын кейіпкерлері әртүрлі. Біз бұрын ұшқыш, шекарашы, мемлекетте қызмет жасасақ дейтін едік, бүгінгі жастар басқаша», -дейді саясаттанушы.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM