Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі жоқ

KAZAKBOL.COM

27 ақпанда Қазақстан Жоғарғы соты қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужаннның «мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысуына кедергі жоқ» деген шешім шығарды.

«Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округінің сайлау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылды. Олқылықты түзеу туралы шешім шығарылды. Бұл – түпкілікті шешім» деді судья Берік Нәжімеденов.

Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі Әйгерім Тілеужанды 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. 18 ақпанда комиссия мүшелері Әйгерім Тілеужанның сайлау жарнасын төлегені туралы банк мәліметіне күмән келтірген.

«Әйгерім Тілеужан 17 ақпанда жарна төлегені туралы түбіртек ұсынды. Үміткерді тіркеуге негіз болатын құжатты үйқамақта отырып ұсынғандықтан, құжаттың дұрыстығы күмән туғызады» деп жазылған сайлау комиссиясының хаттамасында.

Әйгерім Тілеужан сайлау жарнасын сенімді өкілі арқылы төлегенін, бұл жайт заңға қайшы емес екенін алға тартып, Жоғарғы сотқа шағымданған.

Сот отырысы кезінде судья шағымданушы Әйгерім Тілеужанның сайлау жарнасын төлегені туралы құжатты банк растағанын айтты. Банк анықтамасында 17 ақпанда орталық сайлау комиссиясының арнаулы шотына Әйгерім Тілеужанның атынан 1 миллион 50 мың теңге ақша түскені жазылған.

Бұдан кейін аумақтық сайлау округі өкілі «өздеріне прокуратурадан хат келгенін, онда үйқамақта отырған Әйгерім Тілеужанның сайлауға қатысқаны оған қойылған шектеуге, яғни үйқамақ шарасына қайшы келетінін және қылмыстық істің объектив тергелуіне кедергі болуы мүмкін екені» жазылғанын айтты.

«Сайлау туралы» заңда үйқамақтағы адамды үміткер ретінде тіркемеу жөнінде жазылған ба?» деп сұрады судья. Алайда аумақтық сайлау округінің өкілі «прокуратураның сөзін орындауға міндеттіміз» деп қана жауап берді. Судья заң бойынша азамат үйқамақта болғаны оның үміткер ретінде тіркелуіне кедергі емес екенін түсіндірді.

Адвокат Айнара Айдархан Әйгерім Тілеужан сайлау комиссиясына қайта тіркеліп, сайлау кампаниясына кірісетінін айтты.

Алматы соты Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенді Әйгерім Тілеужанды екі айға үйқамаққа алу туралы 2022 жылғы 17 қарашада шешім шығарған. Оған байланыс құралдарын пайдалануға, әлеуметтік желіге жазба жазуға тыйым салған.

Биыл қаңтарда Қазақстан парламентінде өткен тыңдау кезінде бас прокурор Берік Асылов Әйгерім Тілеужанды «Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырушы» ретінде атаған.

Былтыр қазан айының соңында Әйгерім Тілеужан өзін Қаңтар оқиғасымен байланысты істе «куәгерден» «күдіктіге» ауыстырғанын хабарлаған еді. Айтуынша, ол 5 қаңтарда Алматы әуежайында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайға барғанын мойындаған, бірақ «әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырды» деген айыпты жоққа шығарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM