Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болған тұрғын 5 тәулікке қамалды

KAZAKBOL.COM

20 шілдеде Нұр-Сұлтанда қала тұрғыны Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болды. Ол «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі танылып, бес күнге қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады.

Өзін өртемек болған ер адам қазір Түркістан облыстық сотында қаралып жатқан қылмыстық істе жәбірленушінің бауыры болатынын айтқан.

«Сот қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеуге бағытталған әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып жаза тағайындады» деп жазылған сот хабарламасында.

Қаулы әзірге күшіне енбеген. Наразы тұрғын жайлы басқа ақпарат айтылмайды.

Қазақстанда өзін өртеп немесе өртеуге талпынып, наразылық білдірмек болған оқиғалар жиі кездеседі. Сәуір айында қаржы пирамидасына алдандым деген Алматы тұрғыны өзін өртеп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Салымшы астанада өзін өртегеннен кейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Фейсбук желісінде аталған қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істе 14 адам күдікті танылғанын, екеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын жазған. Ақпаратқа қарағанда, алтауы қамауға алынған, үшеуі «кепілмен босатылған». Тағы екеуі үйқамақта, біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM