Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жоғарғы сот пен бас прокурордан Әсет Матаев ісін бақылауға алуды сұрады

KAZAKBOL.COM

Түрмеде отырған ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бұрынғы басшысы Әсет Матаевтың адвокаттары Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов пен бас прокурор Қайрат Қожамжаровтан «істі тікелей қадағалауына» алып, әділ шешім шығаруды сұрайды.

19 наурызда таратылған ашық хатта «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы төрайымы Тамара Калеева мен Қазақстан Журналистер одағының басқарма басшысы Сейітқазы Матаев (Әсет Матаевтың әкесі) Қапшағай қалалық сотының 16 наурыздағы шешімімен келіспейді. Сот «сотталушыны жалпы қоныстану мекемесіне көшіру» жөніндегі өтінішті қанағаттандырмаған. Үндеу авторлары сот шешімін әділетсіз деп есептейді.

Журналистермен кездескен Сейітқазы Матаев өзінің ұлы «кепіл» ретінде отырғанын айтады. «4 желтоқсанда мен түрмеден шықтым. Мен ешқандай саяси мәлімдеме жасаған жоқпын. Менің басты міндетім — ұлымның бостандыққа шығуы. Бүгін мен баспасөз мәслихатына шығуыма тура келді. Себебі менің ұлымның тағдыры тұр», — деді Сейітқазы Матаев.

Қапшағай қалалық соты 16 наурыз күні 33 жастағы Әсет Матаевтың жазасын жеңілдетіп, жазасының қалған мерзімін қоныс колониясында (жаңа қылмыстық-атқару кодексі бойынша қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесі) өтеу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.

2016 жылы қазанның 3-інде Астана соты Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты «салықтан жалтарды және қаржы жымқырды» деп айыптап, алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты «қаржы жымқырды» деген айыппен бес жылға соттаған. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды және істі «тапсырыспен жасалған» деп біледі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM