Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Журналист Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

KAZAKBOL.COM

23 мамырда Атырау облыстық соты «Дорожный контроль» ақпарат порталының өңірдегі тілшісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл бойынша шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Биыл 30 наурызда Атырау қаласының №2 соты Вертинскаяға шабуыл жасады деп айыпталған жергілікті тұрғын Әлібек Меллятовты «бұзақылық» бабы бойынша (ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танып, бір жылға бостандығын шектеген болатын. Ол сонымен бірге 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелген.

Ал жәбірленуші Олеся Вертинская мен оның адвокаты Айбар Қосымбаев үкімге келіспеген. Адвокат Қосымбаев істі «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша (107-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы) қайта тергеуге жіберуді сұраған еді. Апелляциялық отырыс кезінде де жәбірленуші жақ осы талаптарды айтқанымен, өтініштері орындалмады.

Бұған дейін Олеся Вертинская өзіне жасалған қастандықты кәсіби қызметімен, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ақпарат таратуымен байланыстырған еді. Компьютерлік томография Вертинскаяның мұрны сынғанын анықтаған. Ол сот-медицина сараптамасының «жеңіл дәрежедегі жарақат алған» деген қорытындысына келіспейтінін сотта бірнеше рет айтқан. Вертинская өзіне орташа дәрежедегі зиян келді деп есептейді.

Ол былтыр ақпан айында Қаңтар оқиғасы кезінде «кәсіби міндетін атқарғаны үшін ұсталғанын, полицейлер оны тергеп, қоқан-лоқы көрсетіп, қол жұмсағанын» айтқан. Алайда бұл арыз бойынша іс әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM